2025 жылғы 13 наурыздан бастап Air Astana компаниялар тобы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында литий батареялары мен оларды қамтитын құрылғыларды тасымалдауға қойылатын талаптарды күшейтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz әуекомания мәліметіне сүйене отырып.
Кейбір елдер үшін туризм негізгі табыс көзі, бұл олардың экономикасын дағдарыстарға, әсіресе COVID-19 пандемиясы сияқты жаһандық өзгерістерге осал етеді.
Жаңаөзен қаласында Бозжыра шатқалында туристік нысандар салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды TravelPress.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 21 ақпанда өткен іс-шараға ардагерлер, азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және сарапшылар қатысты.
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмед Шахинмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар туризм және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Соңғы айларда Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық басылымдарда кеңінен талқылануда, travelpress.kz ҚР Туризм және СМТ индустриясы комитетінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды. Әлемдік жетекші ақпарат көздері елдің мәдениеті мен табиғи мұрасына қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтуде.