15.03.2025
01:44:10
ru
kz

Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылады

Басты жаңалықтар
20.02.2025
13:16
Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылады
Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Көлік министрлігінің жаңа халықаралық рейстерді ашу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде қазақстандық әуекомпаниялар Грузия мен Қытай бағыттары бойынша жаңа рейстерді іске қосады.

Мәселен, биылғы жылдың 27 мамырынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады. Бүгінгі таңда Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.

Сонымен қатар биылғы жылдың 28 мамырынан бастап "SCAT" әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Сиань қаласына тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сиань қаласына тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.