Air Astana әуекомпаниясы Дубайға ұшатын рейстерді сәуірдің аяғына дейін тоқтатады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Таяу Шығыстағы қақтығыс әлі жалғасып жатқандықтан, Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді тоқтату мерзімін 1 сәуірден 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартуға мәжбүр болып отыр.
Ұшпай қалған рейстердің жолаушыларына мынадай нұсқалар ұсынамыз:
• билет құнын толық қайтарамыз (айыппұлсыз);
• Дубайға 30 маусымға дейін (қоса алғанда) ұшатын рейстерді тегін қайта брондай аласыз;
• әуекомпанияның басқа бағыттарына айыппұлсыз қайта брондауға болады (тариф айырмасы мен әуежай алымдары бойынша қосымша төлем болуы мүмкін), сапар мерзімі 30 маусымға дейін (қоса алғанда).
Әуекомпания Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият бақылап отыр.
