Бүгінде саяхат жаңа жерлерді көрудің ғана емес, күнделікті қарбаластан бір сәт алыстап, күш-қуат жинаудың да бір жолына айналды. Біреуге тыныштық керек, енді бірі бірнеше күнін тау арасында өткізгісі келеді, ал кейбір саяхатшылар әдеттегі өмір ырғағынан толық ажырауға мүмкіндік беретін бағыттарды әдейі таңдайды.
Күз – Грузияны аралауға таптырмас мезгіл. Жаздың аптабы қайтып, күн райы жайланады, теңіз суы әлі де жылы, тау бөктерін алтын түске бояған күз келеді. Ал шарапты өлкелерде жылдың ең қызу әрі ең көңілді шағы – жүзім жинау науқаны басталады.
Грузия ұлттық тағамдары мен шарап жасау мәдениеті, Қара теңізі мен Кавказ таулары арқылы барынша танымал. Десе де Грузияны толық танып-білу үшін оның көрікті жерлерін тамашалау жеткіліксіз, бұл елдің саяхатшыға бір сапардың өзінде сан қырлы әсер сыйлай алатын қасиеті бар, деп хабарлайды Грузияның Ұлттық туризм әкімшілігі (GNTA).