Фото: Фархат Қабдықайыров
Соңғы айларда Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық басылымдарда кеңінен талқылануда, travelpress.kz ҚР Туризм және СМТ индустриясы комитетінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды. Әлемдік жетекші ақпарат көздері елдің мәдениеті мен табиғи мұрасына қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтуде.
CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға ұсынылатын үздік бағыттар тізіміне Алматыны енгізіп, оны Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп сипаттады. Басылымда қаланың мәдени ерекшеліктері, гастрономиясы және табиғи көріністері туралы жазылған.
Condé Nast Traveller Қазақстанда дәстүрлі ұлттық тағамдарға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті. Басылымда жергілікті асхананың туристік тәжірибенің маңызды бөлігіне айналып жатқаны айтылды.
Forbes Italia Қазақстанды баяу туризмді ұнататындар үшін қызықты бағыт ретінде атап өтті. Басылымда Қазақстан мен Италия арасындағы тікелей әуе қатынасының дамуы туристік байланысты нығайтуға ықпал ететіні жазылған.
Америкалық журналистер «Almaty Through American Eyes» атты кітап шығарды. Онда Қазақстанның мәдениеті мен табиғаты туралы авторлардың әсерлері баяндалған.
Globe Trotter Central Asia 2025-26 атты жапон тіліндегі басылымда Қазақстанның табиғи және мәдени ерекшеліктері сипатталған. Басылымда Шарын шатқалы мен Қайыңды көлі сияқты орындар туралы ақпарат берілген.
Халықаралық басылымдар Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін әртүрлі қырынан қарастырып, елдің мәдениеті мен табиғатына назар аударуда.
Сондай-ақ оқыңыз: Еліміздің ұлттық саябақтарына 2,8 миллион турист...
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.