Алматыда 24-25 қараша күндері сәулет және қаланы дамыту жөніндегі SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумға Zaha Hadid Architects, Foster + Partners, BIG сынды әлемдік сәулет бюроларының өкілдері қатысуда.
Алматыда ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалі аяқталды. Алты күн ішінде еліміздің әр өңірінен келген 10 театр қойылымдарын көрсетті, барлық қатысушы 1 млн теңгелік сертификат алды.
Алматы 17-19 қараша аралығында Сеулде өтіп жатқан іскерлік туризм индустриясының халықаралық Korea MICE Expo 2026 көрмесінде әлеуетін таныстырып жатыр. Бұл туралы TravelPress.kz Almaty Tourism Bureau-ға сілтеме жасап хабарлайды.
15-ші Almaty Marathon-ға рекордтық 1 534 шетелдік жүгіруші қатысты. Негізгі қашықтықта да жаңа рекорд тіркелді – 42,2 км-ге 1 614 қатысушы тіркелді. Мерейтойлық марафон 27 қыркүйекте өтіп, 66 елден 16 000 қатысушыны біріктірді.
Алматыда Қала күнін мерекелеудің алғашқы күні өтті. Түрлі алаңдардағы концерттерге, фестивальдерге, көрмелерге, спорттық және шығармашылық жобаларға 500 мыңнан астам адам барды.
Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында «КітапFest» қалалық кітап жәрмеңкесі басталды. Екі күндік мәдени іс-шараның алғашқы күні Арбат алаңында тұрғындар мен қонақтар жазушылармен кездесіп, кітап жаңалықтарымен танысты.