02.04.2025
13:09:18
ru
kz

Өткен жылы Түркістан облысына 235 мың турист келген

Басты жаңалықтар
05.03.2025
15:14
Өткен жылы Түркістан облысына 235 мың турист келген
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Түркістан облысына 235 мың турист келген, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындарында көрсетілген қызмет көлемі 5,3 млрд теңгені құрады.

Жыл қорытындысы бойынша, туризм саласына салынған инвестиция көлемі 81,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 45,6%-ға көп. 2025 жылы өңірде 27 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, бұл шамамен 1130 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы – ішкі туризмнің маңызды бағыттарының бірі. Өңір тарихи-мәдени мұрасы, табиғи ландшафттарымен туристердің қызығушылығын арттыруда.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.