«Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 13 туристік бағыт пен 2 экосоқпақ жұмыс істейді. Бұл бағыттар экотуризмді дамытуға және бірегей табиғи кешендерді сақтауға бағытталған.
«Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы басқарма төрағасы Артем Квашук 27 ақпанда Астана қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелдіктердің Астанаға қандай медициналық қызметтер алу үшін келетінін айтып берді
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжановтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз жиынында туризм саласының даму көрсеткіштері мен инвестициялық мүмкіндіктерді арттыру бағытындағы негізгі бастамалар таныстырылды.
Каталония аймақтық парламенті Барселонадағы туристік алымды екі есеге арттыру туралы заңды мақұлдады. Енді қалада бір түн үшін алынатын ең жоғары төлем 6,25 еуроның орнына 12,5 еуроны құрайды, деп хабарлайды Reuters. Бұл шешім туристер санын азайту және қолжетімді тұрғын үй қорын қаржыландыру мақсатында қабылданды.
Былтыр Алматы қаласына 2 миллионға жуық турист келді. Соның шамамен 30 пайызы – шетелдік қонақтар. Олардың басым бөлігі ең алдымен Алматының асқақ тауларын көруге асығады.
этно-туристік «Көшпенділер қаласы» кешенінің тұжырымдамасы және Кеген ауданындағы «Қара шатқал» туристік аймағында аспалы әйнек көпір салу жобасы ұсынылды