фото: farkhat kabdykairov
«Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 13 туристік бағыт пен 2 экосоқпақ жұмыс істейді. Бұл бағыттар экотуризмді дамытуға және бірегей табиғи кешендерді сақтауға бағытталған, деп хабарлайды Travilpress, turizmcomiteti сілтемесімен.
Бағыттар көркем таулы аймақтар арқылы өтіп, табиғи көрікті жерлерді қамтиды. Сондай-ақ табиғатты қорғау талаптарын сақтай отырып, өңірдің биологиялық алуандығымен танысуға мүмкіндік береді.
Ішкі туризмді дамыту аясында табиғи әлеуеті жоғары, экологиялық мұраға бай Жетісу облысының экологиялық бағыттарын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл бағыттар танымдық саяхатқа, белсенді демалысқа және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Туристік маршруттар мен өзекті ақпарат туралы толығырақ visitzhetysu ресми парақшасынан біле аласыз.