«Жолаушылар тасымалы» АҚ №66/65 «Нұрлы жол-Қызылорда» пойызына билет сатуды бастады. 2026 жылғы 13 желтоқсаннан бастап пойыз қазақстандық өндірістің жаңа Stadler вагондарымен күн аралатып қатынайды.
Жаңа құрамда не бар
Пойыз құрамында барлығы 416 орынға арналған 9 жолаушылар вагоны бар. Жолаушыларға арналған:
- климат-бақылау жүйесі;
- жеке жарықтандыру;
- 220 В розеткалар;
- бейнебақылау;
- багаж аймақтары;
- буфет аймағы.
Билетті қайдан алуға болады
Билеттер bilet.railways.kz сайтында және теміржол кассаларында сатылады.
Пойызда немесе вокзалда затыңызды ұмытып кетсеңіз не істеу керектігі туралы осы материалда жаздық.
Материалда «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің деректері пайдаланылды.
