03.12.2025
16:17:46
ru
kz

Қызылорда облысында заманауи кешен ашылды

Қазақстан жаңалықтары
03.12.2025
15:42
Қызылорда облысында заманауи кешен ашылды

Қызылорда облысында қонақ үйі бар жол бойындағы заманауи кешен ашылды, деп хабарлайды Travelpress.kz



Арал қаласының аумағында заманауи форматтағы «Keruen Inn» деп аталатын жол бойындағы сервистік кешен жұмысын бастады. Ол “Самара-Шымкент” автожолы учаскесінде орналасқан және бір кеңістікте қонақ үйді, дәмхананы, сауда нүктесін,  жанармай құю және қуаттау станцияларын біріктіреді. Жыл соңына дейін Qazaq Oil мұндай кешендерді “Астана–Алматы” және “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” бағыттарында ашуды жоспарлап отыр.


 

Жол бойындағы кешен «барлығы бір жерде» форматында жұмыс істейді және саяхатшыларға кең қызметтерді ұсынады. Онда жеке ыңғайлылығы мен жоғары жылдамдықтағы интернеті бар 31 қонақ үй нөмірі, дәмхана, күзетілетін автотұрақ, кір жуу орны, жолға қажетті тауарлары бар сауда нүктесі, жанармай құю бекеті және электромобильдерге арналған қуаттау станциясы қарастырылған. 



Аумағы 900 шаршы метрді құрайтын жол бойындағы нысан отбасылық туристерге, транзиттік жүргізушілерге және іскерлік сапармен жүрген жолаушыларға ыңғайлы болмақ.


 

Кешеннің ашылуымен жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары ұсынылды. Жобаның жүзеге асырылуы жол бойындағы инфрақұрылымды дамытуда маңызды қадамға айналып, ішкі туристік бағыттардың тартымдылығын арттырады.


 

Қызылорда облысындағы кешен - Qazaq Oil қолға алған  ауқымды инвестициялық жоба аясында салынған 2-ші көпфункционалдық нысан. Алғашқысы биылғы қыркүйек айында Жамбыл облысының Меркі ауданында  ашылған болатын. Компания 2029 жылға дейін елдің негізгі туристік және транзиттік бағыттарында жол бойындағы нысандар салуды жоспарлап отыр.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить