Air Astana, Kazakh Tourism және Қазақстанның бес өңірі 2027 жылы елдің туристік әлеуетін халықаралық нарықта бірлесіп ілгерілету туралы келісімге келді. Тараптар шетелдік туристер ағынын арттыру үшін маркетингтік және коммуникациялық ресурстарын біріктірмек, деп хабарлайды Travelpress.kz Kazakh Tourism-ге сілтеме жасап.
2026 жылғы 16 қыркүйекте Оңтүстік Корея астанасындағы Ханган саябағында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында «Kazakhstan-Korea Cultural Village» арнайы мәдени шарасы өтті. Сеулде бой көтерген этноауыл еліміздің бай мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін таныстырды.
2026 жылғы 10 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының туристік әлеуетін ілгерілетуге, сондай-ақ туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен презентация өтеді.
Бурабай көлінде «Pana Sayakhat» жаңа көлік жүйесінің бастапқы кезеңі іске қосылды. Бұл бастама ұлттық паркке түсетін автокөлік жүктемесін азайтып, туристерге экологиялық таза қатынас жолдарын ұсынуды көздейді.