11.02.2026
18:44:38
ru
kz

Бірінші арнаның «Повара на колесах» тележобасы Қазақстанды таныстырды

Қазақстан жаңалықтары
11.02.2026
16:47
Бірінші арнаның «Повара на колесах» тележобасы Қазақстанды таныстырды

Бірінші арнаның «Повара на колесах» тележобасы Қазақстанды таныстырды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Алматының гастрономиялық және туристік мәдениеті туралы шығарылым эфирге шықты.


Бағдарламада танымал шеф-аспаздар мегаполистің гастрономиялық мәдениетімен, тарихымен және туристік инфрақұрылымымен танысты. Көрермендер Алма-Арасан шатқалындағы қайнар бұлақтарды, жаяу жүргіншілерге арналған Арбатты, Жасыл базарды, ұлттық AUYL мейрамханасын тамашалай алады.

Осы аптада жексенбі күні Астананың мәдени және гастрономиялық ерекшеліктері туралы бағдарламаның бөлек шығарылымы көрсетіледі.

Тележобаның түсірілімі өткен жылы өтті. Бағдарлама халықаралық аудиторияны еліміздің мәдени көрікті жерлерімен, гастрономиялық дәстүрлерімен және туристік нысандарымен таныстырады.

Өткен жылы Қазақстан аумағында бірқатар халықаралық тревел-жобалар түсірілді. Оның ішінде Euronews Travel, Amazon Prime Video және француздың M6 телеарнасы бар.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить