Kazakh Tourism ниет білдіргендерге туризм саласында дамуға және жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Қазақстан туризмі онлайн академиясында өзекті бағыттар бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі 31 тегін курс қолжетімді.
Kazakh Tourism тегін курстар тізімін үнемі кеңейтеді. Өткен жылы тыңдаушыларға үш жаңа бағыт ұсынылды: туристік бағыттарды басқару, халал-туризм және туризмге инвестициялар. Биыл да жаңа курстар әзірленуде.
5 жылдың ішінде курстарды сәтті аяқтаған тыңдаушыларға 11 мыңнан астам сертификат берілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2317 жетті. Қатысушылардың белсенділігі бойынша Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстары көш бастайды.
Онлайн академия тыңдаушылары - туристік бизнес өкілдері және сала бойынша бастапқы білім алуға ұмтылатын қазақстандықтар. Бағдарламалар саланың ерекшелігін түсінуге, перспективалық бағыттарды анықтауға, туризмде сату және маркетинг негіздерін игеруге, тұрақты және бәсекеге қабілетті өнімді құрудың негізгі кезеңдерін меңгеруге мүмкіндік береді: https://courses.tourismonline.kz
Атап өткен жөн, оқу бағдарламалары кәсіби мамандардың қатысуымен әзірленеді. 5 жылда материалдарды дайындауға саланың 80 сарапшысы тартылды.
