Жақында ғаламтор желісінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күзетші қызметкері Шер Талғатбекұлының шетелдік туристерге ағылшын тілінде кесене тарихын баяндаған бейнежазбасы кең тарады. Бұл 55 жастағы ер адам ағылшын тілін өздігінен үйреніп, туристерді де, әлеуметтік желі қолданушыларын да таңғалдырды.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізге 566,5 мың шетелдік турист саяхаттаған, деп хабарлайды Travelpress.kz.