09.12.2024
01:33:41
ru
kz

Шығыс Қазақстан облысында туристік орындарына апаратын жолдар жөнделеді

Басты жаңалықтар
30.09.2024
11:05
Шығыс Қазақстан облысында туристік орындарына апаратын жолдар жөнделеді
2025 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп орталықтары мен туристік нысандарға апаратын 400 шақырымға жуық жол қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев облыс тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы республика бойынша кемінде 10 мың шақырым жолды қамту үшін орташа жөндеу бағдарламасын кеңейтуді тапсырды. Сапа – басты басымдық. Барлық өңірлерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдар анықталды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп орталықтарына апаратын жолдар: яғни Алтайға, Шемонаихаға, Серебрянскқа апаратын жолдар жөнделеді. Сондай-ақ, Марқакөл, Рахманов бұлағы және Катонқарағай туристік нысандарына апаратын жолдар да жөндеуден өтеді», - деді министр.


Сонымен қатар, биылдан бастап Өскемен мен Семей қалаларын байланыстыратын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жол 2026 жылға дейін толық жөнделеді. Мамандар қазірдің өзінде бірқатар учаскелерді жөндеуде (Таврическое ауылы мен Ново-Азовское ауылына бұрылыс), қалғандары 2025-2026 жылдары қамтылады. 

Сондай-ақ, келесі жылы Катонқарағай ауданы мен Марқакөл өңірін байланыстыратын Ескі австриялық жолы орташа жөндеуден өтеді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.