09.12.2024
15:52:39
ru
kz

Күзетші-гид: Ағылшын тілін өз еркімен меңгерген Шер Талғатбекұлы туристерді таң қалдырды

Қазақстан жаңалықтары
08.10.2024
16:27
Күзетші-гид: Ағылшын тілін өз еркімен меңгерген Шер Талғатбекұлы туристерді таң қалдырды
фото: stan.kz

Жақында әлеуметтік желіде қарапайым күзетшінің видеосы желдей есті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Онда Шер Талғатбекұлы шетелдік туристерге Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тарихын ағылшын тілінде емін-еркін түсіндіріп жатыр. 55 жастағы күзетшінің бұл әрекеті желі қолданушыларын таңқалдырды.  

Бір қызығы түркістандық тұрғын ағылшын тілін өз еркімен меңгеріп алған.

Шер Талғатбекұлы - Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде бірнеше айдан бері  күзетші болып жұмыс істейді. Бірақ ол кейде гид қызметін де атқарып кетеді екен. Себебі, ол шетелдік қонақтармен сұхбаттасқанды жақсы көреді. Оның үстіне ол бірінші болып туристерді есік алдынан қарсы алады.  
 

 «Мен ағылшын тілін өзім үйрендім. Шет тілінде түрлі кітаптар оқимын сол арқылы ағылшын тілін меңгеріп туристтермен сөйлесетін деңгейге жеттім. Тәжірбие жинақтадым», — деді Шер Stan.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.


Күзетші шетелдік қонақтармен жиі сөйлескендіктен тілдік дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады.

 
Дипломым жоқ, бірақ оқып жатырмын.

Шер жоғары білімі жоқ екенін жасырмайды, бірақ бұл оған білімді, жан-жақты адам болуына кедергі болмады. Ол өмір бойы бірнеше мамандық ауыстырған — құрылысшы, көлік жүргізуші болып жұмыс істеген.

 Желі қолданушыларының таңданысы

Әлеуметтік желі қолданушылары видеоның астына жағымды пікірлерін жазып қалдыруда:


 

 «Көптеген жоғары лауазымды шенеуніктерден әлдеқайда білімді», «Тамаша! Акценті де айтарлықтай байқалмайды», «Ғажап! Білімі бар, бірақ таныстары жоқ», «Бұл біздің таксистердің де қолынан келеді! Күзетші мен таксист – экономиканың локомотивтері».


Бұл пікірлер Шер Талғатбекұлының оқиғасының қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Бұл оқиға, білімге ұмтылыс пен өзін-өзі дамытуға деген ниет болса, бәрі мүмкін екенін дәлелдейді.

Шер Талғатбекұлы, кесене басшылығы оған гид болуды ұсынса, қуана келісетінін жасырмайды. Туристер кесенеде, экспонаттардың қасында ағылшын тіліндегі ақпараттың жеткіліксіз екенін айтып жиі шағымданады, сол себепті қарапайым күзетші оларға барынша көмек көрсетуге дайын екен. 

    

«Туристер әлемнің түкпір-түкпірінен келеді, олар ағылшын тілінде қажетті ақпараттың жоқ екенін жиі айтады. Сол себептен мен оларға көмектесуге дайынмын», — деді Шер Талғатбекұлы.





 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.