Көрменің ашылу рәсіміне «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ» Басқарма төрағасы Қайрат Садвақасов, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, Қатар елшісі Абдулла Хусейн Джабер, Үндістан елшісі Нагендра Прасад, Канада дипломатиялық миссия басшысының орынбасары Дэвид МакКиннон, Оман дипломатиялық миссия басшысының орынбасары Талал Әл Якуби, Қырғызстан елшілігінің үшінші хатшысы Эрнис Абдирашитов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен туристік сала мамандары қатысты.
«Көшпенділер рухы: шексіз көкжиектер» көрмесі көшпенділер мәдениетінің әлеміне терең үңілуге мүмкіндік береді. Келушілер Қазақстанның танымал фотографтары Анзор Гасаев пен Александр Кузнецов, ұлыбританиялық шебер Коннор МакНил (TheFella), мажарстандық режиссер Карачонь Шандордың ерекше туындыларын тамашалай алады. Бұл суретшілер көшпенділер өмірінің сирек кездесетін және қызықты сәттерін, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен алынған таңғажайып пейзаждарды алғаш рет көрермен назарына ұсынып отыр.
Көрме бірнеше тақырыптық аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысы көшпенділердің өмірінің әртүрлі аспектілерін және олардың табиғатпен терең байланысын ашады:
• Көшпенділер әлеміне кіріспе: Қазақстан көшпенділерінің табиғаты мен күнделікті өмірін көрсететін фотосуреттер.
• Көшпенділер рухы: Көшпенділердің дәстүрлері, рәсімдері және табиғатпен өзара әрекеттесуі туралы суреттер.
• Көшпенділер және табиғат: Көшпенділер мен айналадағы табиғат арасындағы үйлесімділікті фотосуреттер арқылы көрсету.
• Саяхат және зерттеу: Көшпенділердің зерттеу рухын көрсететін деректі суреттер.
«Бүгін біз бірегей саяхатқа аттандық, мұнда ежелгі дәстүрлер, табиғи сұлулық пен көшпенділер рухы бір кеңістікте тоғысады. Біздің көрме – бұл көшпенділер әлеміне бойлаудың, табиғат, еркіндік және жаңа көкжиектерге деген ұмтылыстың үйлесімін көрсететін бірегей мүмкіндік. Көрмеде танымал шеберлердің эксклюзивті фотосуреттері мен арт-жұмыстары ұсынылған, олар көшпенділер өмірінің сирек кездесетін әрі қызықты сәттерін көрсетеді. Бұл туындылар көшпенділер мәдениетінің тереңдігі мен әртүрлілігін жеткізіп, әлемдегі адамдарға шабыт беруді жалғастырып келеді. Біздің қор бұл бірегей іс-шараны ұйымдастырғанына өте қуанышты және барлық авторларға алғысымды білдіремін», - деді іс-шараны ұйымдастырушы, Орталық Азияның Тұрақты Даму Қоғамдық Қорының «Creative & Innovation Institute» басшысы Ирина Харитонова.
«Көшпенділер рухы: шексіз көкжиектер» көрмесі – бұл өнер туындыларын көрсетуден бөлек, бүкіл әлемнің халықтарын біріктіретін бауырластық пен достық символы. Бұл іс-шаралар бізге ортақ түп-тамырды қайта сезінуге және көшпенділерге тән еркіндік рухын паш етуге мүмкіндік береді. Айта кететін маңызды жайт – бұл ойындар мен мәдени шараларға тек түркі халықтары ғана емес, сонымен қатар басқа халықтардың өкілдері де қатысып отыр, бұл көшпенділер әлемінің негізінде жатқан бірлік пен ынтымақтастық қағидаларының әлі де өміршең екендігін көрсетеді», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.
«Abu Dhabi Plaza көпфункционалды кешені А класты кеңселерімен бұл шараны қолдап, креативті және жауапты бизнеске деген ұстанымын көрсетіп, табысты және инновациялық жобаларға хаб ретінде өзінің мәртебесін растады», - деді көпфункционалды Abu Dhabi Plaza кешенінің маркетинг директоры Лея Хамитова.
Тележүргізуші және журналист Айгүл Мүкей көрменің ашылуында сөз сөйлеп, Қазақстанның мәдени кодын дәріптеудің және оның заманауи өнер түрлерімен үйлесімді байланысының маңыздылығын атап өтті.
Көрме Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлі, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, Астана қаласы әкімдігінің, Visit Astana, SHIMAI және QAZAQ UY брендтерінің, OK Plus баспаханасының, WE Project және Astana Times қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның бас серіктесі – көпфункционалды ABU DHABI PLAZA кешені. Көрме 2024 жылдың 17 қыркүйегіне дейін ашық болады.