Жақында ғаламтор желісінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күзетші қызметкері Шер Талғатбекұлының шетелдік туристерге ағылшын тілінде кесене тарихын баяндаған бейнежазбасы кең тарады. Бұл 55 жастағы ер адам ағылшын тілін өздігінен үйреніп, туристерді де, әлеуметтік желі қолданушыларын да таңғалдырды.
Мақалада Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан секілді қалалардан өтетін Ұлы Жібек жолының ғасырлар бойы өз романтикасы мен сиқырын сақтап келгені атап өтілген