Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетініңбаспасөз қызметі мәлім етті. Іс-шара өзара тәжірибе алмасуға және туризм саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға бағытталды.
«Түркістандағы семинар туризм саласындағы Түркі мемлекеттері ұйымы елдері арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды. Бірлескен жұмыс экотуризмді дамыту және елімізге шетелдік туристерді тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Семинарда экотуризмді дамыту және сала мамандарын даярлау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және мейман достық университетінің жұмысына ерекше назар аударылды. Айта кетейік, университет Орталық Азияның туристік саласына мамандар даярлайды.