19.09.2024
22:13:06
ru
kz

Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттеріне 800 білім беру гранты табысталды

Қазақстан жаңалықтары
21.08.2024
12:13
Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттеріне 800 білім беру гранты табысталды
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Гранттар ҚР Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген. Биыл білім беру грантын алу үшін еліміздің барлық өңірінен 925 талапкер құжат тапсырды. 

Талапкерлердің бағыттары бойынша бөлінісі: 

 • В091 - Туризм: 367 талапкер
 • В092 - Тынығу: 421 талапкер
 • В093 - Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі: 137 талапкер

Конкурс 800 атаулы білім беру грантына үміткерлер арасында өткізілді, өтінімдер 2024 жылғы 20 маусымнан 18 тамызға дейін қабылданды.

Ақылы бөлімге және колледжден кейінгі оқуға құжаттар 25-ші тамызға дейін қабылданады. ҚР Туризм және спорт министрлігі барлық грант иелерін құттықтайды және студенттердің Қазақстандағы туризм және меймандостық индустриясын дамытуға үлкен үлес қосатынына сенімді.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.