Орталық Азиядағы Жібек жолы бөлігі планетаның ең ұлы 10 саяхатының қатарына кірді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан аумағын қамтитын Ұлы Жібек жолының маршруты беделді британдық The Telegraph басылымының «The world’s 10 greatest journeys – for the ultimate adventure holiday» тізіміне енді.
Мақалада Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан секілді қалалардан өтетін Ұлы Жібек жолының ғасырлар бойы өз романтикасы мен сиқырын сақтап келгені атап өтілген. Африка, Еуропа және Қытайды байланыстыратын осы ежелгі сауда жолы қазіргі уақытта ең қалаулы және таңғажайып туристік бағыттардың біріне айналып отыр.
Материалда Қазақстан бойынша саяхаттың бірегей мүмкіндіктерді ұсынатыны, керемет пейзаждарды көру және аймақтың бай тарихына бойлауға жағдай жасайтыны туралы айтылған.
Мақалада аталған көрнекті жерлердің ішінде Шарын каньоны, Алтын Емел ұлттық паркі және Тұзкөл көлі ерекше атап өтілген. Бұл орындар өздерінің таңғажайып табиғи сұлулығымен бүкіл әлемнен туристерді тартып отыр.
KE Adventure Travel ұйымдастырған Жібек жолының солтүстік бағытымен өтетін велосипед турына ерекше назар аударылған. Алматы мен Тянь-Шань таулары арқылы өтетін 11 күндік тур саяхатшыларға таңғажайып көріністерден ләззат алуға және адреналин зарядын алуға ғана емес, Қазақстанның мәдени мұрасы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Ұлыбритания – шетелдік туристерді Қазақстанға тарту мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ анықтаған мақсатты нарықтардың бірі.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.