08.01.2026
01:51:55
ru
kz

Францияның ең танымал телешоуы әсем қала Алматы жайлы репортажды көрсетті

Басты жаңалықтар
06.01.2026
19:32
Францияның ең танымал телешоуы әсем қала Алматы жайлы репортажды көрсетті

Францияның Pekin Express телешоуы Алматыны әлемге паш етті, деп жазды Travelpress.kz.


«Мұзды жол» деп аталған жобаның жаңа қысқы маусымы Қазақстанда түсіріліп, қаланың көрікті нысандары мен ерекше атмосферасына айрықша назар аударылды.


 

Аталған маусым бірегейлігімен ерекшеленді: түсірілім алғаш рет бір ғана ел аумағында және толықтай қыс мезгілінде өтті. Түсіру тобы Алматының бірқатар маңызды орнын аралады. Олардың қатарында Вознесенский шіркеуі, Орталық мемлекеттік музей, Республика Сарайы, Орталық саябақ, Астана алаңы, Амангелді Иманов атындағы сквер және Байкен мешіті бар.


 

Түсірілім жұмыстары былтыр көктемнің басында жүргізілді. Жобаға шамамен 70 адам тартылды. Алматы қаласының Туризм басқармасы жан-жақты қолдау көрсетіп, түсірілімнің үйлесімді әрі мазмұнды өтуіне септігін тигізді.


 

«Pekin Express» — Франциядағы ең танымал тележобалардың бірі. Бағдарламаның орташа көрермендер саны бірнеше миллион адамға жетеді. Бұл маусым эфирге шыққаннан кейін Франциядан келетін туристер саны дәстүрлі түрде кемінде 15 пайызға артады.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить