Жүлде қоры 10 млн теңгені құрайтын стартаптар байқауы өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
"Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025" форумы аясында стартаптар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау ашылды. Оған құрылғанына 5 жылдан аспайтын, турбизнес салаларының бірінде ІТ-технологияларды пайдалану арқылы инновациялық жобаларды дамытатын және кем дегенде өнімнің прототипі бар компаниялар қатыса алады.
Қатысуға өтінімдер 15 сәуірге дейін онлайн форматта қабылданады. Сарапшылар таңдаған 10 жобаның авторлары серіктестер мен инвесторларды іздеу мақсатында форумға қатысушылар алдында стартапты таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, конференцияда өз тәжірибесімен бөлісуге турбизнес салаларының бірінде IT-технологиялармен инновациялық жобаларды әзірлейтін стартаптар шақырылады:
саяхатты ұйымдастыруға арналған онлайн қызметтер;
туристік қызметтердің дистрибьюторлары-туроператорлар, онлайн-агенттіктер, маркетплейстер және т. б.;
туроператорларға, агенттіктерге, қонақүйлерге және т. б. арналған технологиялық шешімдер.
Туризм индустриясы үшін қосымша қызметтерді жеткізушілер. Іс - шараны ұйымдастырушылар -Kazakh Tourism және "Pana" компаниясы. Оған Travel startups қоғамдастығы қолдау көрсетіп отыр.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.