09.12.2024
16:25:32
ru
kz

Сиань қаласында Алматы туризм күні өтті

Қазақстан жаңалықтары
17.10.2024
10:18
Сиань қаласында Алматы туризм күні өтті
Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулдығы Алматы қаласы әкімі аппаратының Туризм басқармасымен бірлесіп Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы шеңберінде Алматы туризм күнін өткізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Іс-шараның салтанатты ашылуында Бас консул Ж. Қыраубаев, Алматы қ. мәслихат төрағасы М. Отыншиев, Алматы қ. туризм басқармасының басшысы Ғ. Тоқсейітова сөз сөйлеп, қатысушыларды еліміздің туристік мүмкіндіктерімен және қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырды.

Қазақ дипломаты қатысушыларды Қазақстанның Қытаймен экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының деңгейін атап өтіп, екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі жетістіктері туралы хабардар етіп, қонақтарды Қазақстанмен жақын танысуға шақырды.

Іс-шара барысында қазақстандық туристік компаниялар (SKYWAY, TOPLine, Shymbulak Resort, Tenir, Association of Restaurateurs Club of Kazakhstan және т.б.) қытайлық туристік компаниялармен B2B кездесулерді өткізіп, ынтымақтастықты орнату туралы меморандумдарға қол қойды. Нәтижесінде Қытайдың туристік компаниялары қазақстандық туроператорларымен тығыз ынтымақтастық орнатуға ынтасын танытып, туристерді өзара жіберу бойынша жұмысты жандандыруға келісті.

Кеш барысында қонақтарға Алматы қаласы мен Қазақстанның туристік әлеуетіне арналған фотогалерея, отандық қолөнершілердің бұйымдары көрсетіліп, «Assylym show ballet» шығармашылық ансамблінің орындауындағы халық әндері мен билері ұсынылып, түрлі ұлттық тағамдардың дәмін тату іс-шаралары өтті.

Шараға мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус, қаланың мәдениет және өнер қайраткерлері, жергілікті туристік компаниялардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар туристік роуд-шоу ұйымдастыру деңгейін және Алматы қаласының туристік әлеуетімен жақынырақ танысу мүмкіндігін жоғары бағалады. Қытайлық туризм саласындағы іскер топтардың өкілдері осы мәдени кештің практикалық бағыты мен мазмұнын атап өтіп, екіжақты алмасуларды одан әрі дамуына осындай бастамалардың тиімділігіне сенім білдірді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.