21.11.2024
21:05:18
ru
kz

Қазақстан мен UNWTO ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан жаңалықтары
10.09.2024
18:25
Қазақстан мен UNWTO ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Ведомство басшысы Ойындар – мәдени алмасуды дамытуға және Қазақстанның әлемдік туристік аренада алға жылжуына ықпал ететін бірегей оқиға екенін атап өтті. Іс-шара барысында елге 100 мыңнан астам шетелдік және ішкі турист келеді деп күтілуде. Бұл оқиғалы туризм саласындағы Қазақстанның беделін айтарлықтай нығайтады.

 

«Ойындарды өткізу барысында қатысушылар мен көрермендер көшпелі халықтардың дәстүрі мен әдет-ғұрпының атмосферасын сезініп, мәдениеттердің алуан түрлілігіне деген сенім мен құрмет қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілетуге жол ашады», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.


Министр білім берудің туристік индустрияға кадрлар даярлаудағы маңызды рөлін және Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің UNWTO-ның аффилиирленген мүшесі ретіндегі үлесін атап өтті. 


Биыл университет 460 маман даярлап, олардың 146-сы жұмысқа орналасқан.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен UNWTO арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын бекітетін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, меморандум туризмді цифрландыру, білім беру, инновациялар, инвестицияларды ілгерілету және ауылды жерлердегі туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастықты қамтиды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.