26.11.2025
19:24:05
ru
kz

Итальян басылымы мерейтойлық шығарылымын Қазақстанға арнады

Қазақстан жаңалықтары
26.11.2025
10:54
Итальян басылымы мерейтойлық шығарылымын Қазақстанға арнады

Еуропаның көне медиа ресурстарының бірі «Corriere della Sera» құрамына кіретін итальяндық «Cook» басылымы өзінің мерейтойлық 80 шығарылымын Қазақстанға арнады, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

 

Еліміз шетелдік аудиторияға Орталық Азияның тартымды гастрономиялық бағыты ретінде таныстырылып, заманауи қазақ асханасының «Neo Nomad» тұжырымдамасы паш етілді.


 

Арнайы жоба аясында редакция туристік локациялар мен ұлттық асхананың ерекшеліктерін зерделеді. Шығармашылық топ 50 Best Discovery тәрізді беделді халықаралық рейтингтерге енген бірқатар қазақстандық мейрамханаларды және негізгі гастрономиялық орындарды аралады: Qazaq Gourmet, Auyl, Gruppo 63, Jinau, Sandyq және Tary. Материалдың бір бөлігі Қазақстандағы шарап жасау саласының дамуына арналған.


 

«Бұл үлкен мемлекеттегі табиғат пен мәдениеттің қайталанбас үйлесімі қызығушылық тудырады. Швейцария пейзажына ұқсас - Қайыңды көлі. Оның айдынына батқан шыршалар судан көтеріліп, аударылған орман көрінісін жасайды. Аризонаны ойға салатын каньондар: Шарын каньоны туралы айтпау мүмкін емес. Бұл америкалық каньоннан кейінгі әлемдегі ең үлкендерінің бірі. Одан әрі тұзды шөлдер (Маңғыстау, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан) және әлемдегі ең кең құрғақ дала жалғасады. Алайда ол ешқашан бірдей болмайды: бұл жазықтар мен үстірттердің әртүрлі өсімдіктер мен реңктермен ауысуы», - деп атап өтеді басылым.


 

Итальяндық оқырмандар Қазақстан туралы көбірек біліп, ұлттық асхананың дәмін сезінуге де мүмкіндік алды. Материалдар қазақ гастрономиясының тереңдігін, бірегейлігін және байлығын ашады. Журнал беттерінде және Corriere della Sera ресми сайтында сарапшы Айгерім Мұсағажинова бауырсақ, құрт, бүйрек және дәстүрлі балғын сүр ет тағамдарын дайындау әдісімен бөліседі.


 

Жоба Neos Air әуе компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.  Kazakh Tourism Visit Astana және Visit Almaty өңірлік туристік офисімен бірлесе шетелдік басылымға логистикалық ұйымдастыру жұмыстарына септесті.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить