22.11.2024
01:29:24
ru
kz

Алматы әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталуға жақын

Қазақстан жаңалықтары
18.01.2024
10:24
Алматы әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталуға жақын
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Үкімет еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөледі. Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық маңызға ие. 

«Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз», — деді Әлихан Смайылов.


Жаңа терминал биылғы маусымда ашылады деп жоспарланып отыр.  Қолданыстағы терминал тек ішкі рейстерге ғана пайдаланылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары 87%-ға аяқталды. Бұл ретте екі терминалдың әлеуеті жылына 14 млн жолаушыға жетеді. Әуе айлағы арқылы жүк тасымалы көлемін 100 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.