03.06.2025
01:46:21
ru
kz

"Алматы – Маскат" бағытындағы әуе рейстері қайта іске қосылды

Қазақстан жаңалықтары
01.06.2025
12:37
"Алматы – Маскат" бағытындағы әуе рейстері қайта іске қосылды

Маусым айында "Алматы – Маскат" бағыты бойынша қатынайтын әуе рейстері қайта іске қосылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев пен Оман Сұлтандығының қаржы министрі Сұлтан Әл-Хабси арасында өткен екіжақты кездесу аясында мәлім болды.

 

Кездесу барысында көлік секторындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Әсіресе Оманның Сухар, Салала және Дукм порттары ерекше назарға алынып, осы порттар аясында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі атап өтілді. Өз кезегінде Сұлтан Әл-Хабси Қазақстанмен «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.


 

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында әуе қатынасын қайта жаңғырту бастамаларын талқылады. Маусым айында омандық SalamAir әуе компаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша рейстерді қайта бастайды.


 

Тараптар көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.