19.09.2024
21:06:08
ru
kz

ТОП-5: Қазақстандағы үздік курорттар қайсы?

Басты жаңалықтар
26.06.2024
13:15
ТОП-5: Қазақстандағы үздік курорттар қайсы?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның ең танымал 5 курортын атады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

ҚазАқпарат сайтының жазуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда демалушылардың саны артуына байланысты үздік демалыс аймақтар анықталған. 

«2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 766,6 мың адамға отандық курорттық аймақтар қызмет көрсеткен. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,1 мың адамға артық», — делінген хабарламада.




2024 жылғы қаңтар-наурыз деректері бойынша ең танымал курорттық аймақ ретінде 551,9 мың адам демалған Алматы тау кластері аталып отыр. 

Екінші орын Щучье-Бурабай курорттық аймағына тиесілі. Бұл аймақта 69,1 мың адам орналасқан.

Үшінші кезеңде Маңғыстау курорттық аймағына 57,5 мың адам барған. 

Үздік бестікке сонымен қатар екі танымал курорттық аймақ — Түркістан туристік аймағы (26,1 мың адам) және Алтай курорттық аймағы (20,7 мың адам) еніп отыр. 

Мәлім болғандай, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында курорттық аймақтар демалушылардың саны мен көрсетілген қызмет сапасына қарай 27,8 млрд теңге табыс тапқан.

Ал, 2023 жылы аталған демалыс орындары 23,2 млрд теңге табысқа шыққан болса, биыл бұл көрсеткіш 19,8% - ға артып отыр. 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.