05.12.2024
00:07:00
ru
kz

Келесі жылы Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей рейстер саны артады

Басты жаңалықтар
21.12.2023
16:30
Келесі жылы Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей рейстер саны артады
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Air Asia Х әуе компаниясының бас директоры Беньямин бин Исмаил және компания өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту перспективаларын, жолаушылар ағынын арттыру жоспарларын және туризмді дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды талқылады.

«Тікелей рейстер саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, елімізді шетелдік туристерге қолжетімді етеді. Сонымен қатар туристер санының артуына, келу туризмінің географиясын кеңейтуге және туристік бизнеске жаңа мүмкіндік жасайды», - деді Ержан Еркінбаев. Оның айтуынша, тікелей рейстердің ашылуы – әзірге тек бірінші кезең.
Ержан Еркінбаев

Әуе рейстері екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда шешуші рөл атқарады. Олар іскерлік келіссөздерді жеңілдетіп, сауда мен инвестицияны ынталандырады. Куала-Лумпур мен Алматы арасында ашылатын рейстер аясында бизнес-туризм ағынының артуы күтілуде, бұл тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етіп, инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Өз кезегінде Air Asia өкілдері Куала-Лумпур мен Алматы арасында 2024 жылдың наурызынан бастап аптасына төрт рейс (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) жиілігімен тікелей тұрақты жолаушылар рейсін іске қосуға ниетті екенін жеткізді.

Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл қадам екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

AirAsia
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.