22.10.2024
14:30:30
ru
kz

Алматы-Қостанай бағытында жаңа вагондар қатынайды

Басты жаңалықтар
18.10.2024
14:01
Алматы-Қостанай бағытында жаңа вагондар қатынайды
«Алматы-Қостанай» бағытында жаңа вагондар қатынайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жолаушылар вагондары паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мәселен, «Түрксіб Астана» ЖШС жеке тасымалдаушысының паркі 2024 жылы шығарылған купе және плацкарт үлгісіндегі 10 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Сонымен қатар оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы штабтық вагон бар.

Барлық вагондар «Зиксто» АҚ отандық өндірушісінен сатып алынды. Вагондар ауа баптағыш жүйелерімен және биоәжетханалармен жабдықталған. 

Жоғарыда аталған жаңа жолаушылар вагондары биылғы қараша айынан бастап №43/44 «Қостанай-Алматы» бағыты бойынша қатынайды. Айта кету керек, бұл бағытта қатынайтын вагандор әбден ескірген және жолаушылар тарапынан үнемі шағымдар болатын. 

Биыл 122 бірлік жаңа вагон әкелінді, жыл соңына дейін тағы 18 бірлік жеткізіледі деп күтілуде.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.