Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында Dedeman International Hotels & Resort-қа барып, қонақ үйдің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл – жуырда ғана оңтүстік астанада өзінің алғашқы қонақ үйін ашқан және жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақты қабылдайтын ең ірі халықаралық желі. Елімізде шетелдік қонақ үй желілерінің ашылуы нарықта бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, барлық туриске қолайлы жағдай жасалмақ.
Сонымен қатар Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысымен танысты. Жоба қазір аяқталуға жақын. Терминал биылғы жазда жұмысын бастауға тиіс. Жаңартудан кейін әуежай жылына 10 миллионнан аса жолаушы қабылдай алады.
Сондай-ақ осы жылдың соңына қарай қала тұрғындары мен қонақтары үшін Көктөбеде жерасты паркингі бар жаңа конгресс-холл ашылуға тиіс. Мұндай жобаны жүзеге асыру мегаполиске әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
Бұл – қаланың туристік тартымдылығына ықпал етеді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.