23.11.2024
15:18:08
ru
kz

Осы жылы 1 млн 500 мыңға жуық азамат ел ішінде саяхаттаған

Қазақстан жаңалықтары
04.07.2024
12:20
Осы жылы 1 млн 500 мыңға жуық азамат ел ішінде саяхаттаған
Қазақстандағы ішкі туризм 2024 жылдың бірінші тоқсанында жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
 
Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 493 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған. Ішкі туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145 мың адамға көбейді.
 
Алматы, Астана және Шымкент қалалары жалпы ішкі туристер үлесінің 46%-ын тарта отырып, ішкі туристік бағыттар арасында көшбасшы атанды. Сондай-ақ, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда Қазақстанның 14 өңірінде туристер санының өскені байқалды. Әсіресе, 187%-ға өсім көрсеткен Батыс Қазақстан облысы ерекше көзге түсіп отыр.
 

«2024 жылдың бірінші тоқсанында ішкі туризм көрсеткіштерінің айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Бұл – туристік инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы мақсатты жұмысымыздың нәтижесі. Біз Қазақстанды әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін одан да тартымды етуге тырысамыз. Сондай-ақ ішкі саяхаттар үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, осы секторды серпінді дамытуды жалғастырамыз», – деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

 
 
 
 

 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.