21.11.2024
20:00:56
ru
kz

Оңай емес: АҚШ пен Қазақстан арасындағы тікелей рейс неге кешеуілдеп жатыр

Қазақстан жаңалықтары
02.02.2024
12:45
Оңай емес: АҚШ пен Қазақстан арасындағы тікелей рейс неге кешеуілдеп жатыр
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм Қазақстанмен тікелей рейсті ашу барысындағы қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Ол Астанада өткен инвесторлар форумында мұндай рейсті ашуға қызығушылық болғанымен, әуе компанияларына, ал «Эйр Астанаға» тиісті ұшақтарды алу үшін уақыт қажет екенін атап өтті.

"Біз тікелей рейс ашқымыз келеді. Әрі бұл идеяны қолдаймыз. Өкінішке қарай, бұл өте күрделі процесс. Әуекомпаниялардың тиісті борттары болуға тиіс, ал Air Astana-да мұндай борттар жоқ. Олар сатып алу процесіне кірісті. Дегенмен бұл біршама уақытқа созылады", - деді елші.

 
Сондай-ақ, елші тікелей рейс ашу жолында АҚШ авиация органдары, соның ішінде федералдық авиация әкімшілігі жүргізетін көптеген тексерулер мен процедуралар бар екенін айтты.

«Сондай-ақ біздің (АҚШ тарабының – ред.) АҚШ федералдық авиация әкімшілігі сияқты органдары өткізетін тексерулер мен өзге де көптеген процестер бар. Бұл мәселе Үкіметпен өтетін кездесулерде жиі көтеріледі. Өкінішке қарай, биыл емес. 2025 жылы болуы мүмкін», - деді елші.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.