Қытайда Алматының туризм күндері өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Іс-шара 14 қазанда Сианда, ал 16 қазанда Бейжіңде ұйымдастырылады. Мақсат — халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту және қаламызға туристер тарту.
Бағдарлама аясында Қытайдың жетекші туроператорлары және әуе компанияларымен келіссөздер, сондай-ақ Алматының бірегей туристік ұсыныстарының тұсаукесері жоспарланған. Қатысушылар қазақстандық артистердің өнерін тамашалап, қолөнершілердің шеберлік дәрістеріне қатысып, ұлттық тағамдардың дәмін татады.
Соңғы күні ірі туроператорлар арасында Алматыда турдың ұтыс ойыны өткізіледі. Жеңімпаздар «Медеу» мен «Шымбұлақ» сияқты көрнекі орындармен таныса алады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.