Халықаралық туризм және меймандостық университеті (IUTH) бірінші кезекте туризм саласындағы қолданбалы ғылыми жобаларды іске асырумен айналысатын ғылыми-зерттеу орталығын ашты, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Осы жобаларды экономика секторында коммерцияландыру арқылы іс жүзінде қолдануға болады.
Ғылыми-зерттеу орталығы жобаларының бірі – «Үлкен деректерді талдау (Big Data) және Қазақстан туризмін әлемдік деңгейге жеткізу және жақсарту үшін саяхатшылардың пікірлеріне негіздеп мәтінді өңдеу».
Орталық қызметкерлері сентименталды талдау және статистикалық модельдеу (text analysis) әдістерін пайдалана отырып туризм саласының негізгі үш бөлігі – орналастыру орындары (Hotels and Hostels), тамақ және сусындар (Food and Beverage), сонымен қатар көрікті жерлер (Attractive places) бойынша Қазақстанда болған туристердің пікірі мен шолуына TripAdvisor платформасында мәтіндік талдау жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстандағы туристік саланың жай-күйі айқындалып, туризмді дамыту ұсыныстары әзірленеді.
Бұдан бөлек, зерттеу жұмысы кезінде туристердің зерттеуі, пікірі, ұсыныстары мен қажеттіліктері анықталып, елішілік және халықаралық маршруттар бойынша нақты жоспар мен туристік ұсыныстар әзірленеді.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті (International University of tourism and hospitality) – туризм, қонақжайлылық және демалыс саласында халықаралық деңгейдегі білікті мамандарды даярлайтын Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бейінді университет.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.