Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстырады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен және «Қазақстанның туристік индустриясы» өзін-өзі реттейтін республикалық ұйымымен бірлесіп, Jibek Joly атты бірегей туристік пойызды іске қосады. 2025 жылдың 2-7 қаңтар күндері туристік пойыз Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Алматы бағыты бойынша жолға шығып, Қазақстан мен Өзбекстанның негізгі мәдени және рухани орталықтарын байланыстырады.
Бес күнге жалғасатын халықаралық маршрут саяхатшыларға ежелгі қалалардың атмосферасын сезінуге, өңірдің рухани мұрасымен танысуға және Ұлы Жібек жолының тарихи және мәдени көрікті жерлерін ашуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға кәсіби гидтің қызметі, заманауи вагондарда тұру, тамақтану және экскурсия кіреді.
Маршрут мына нысандарды қамтиды:
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Арыстанбаб кесенесі
«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығы
Ташкенттегі Хазрет Имам кешені және Самарқандтағы Регистан алаңы.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.