02.10.2025
20:11:27
ru
kz

Беделді британ басылымдарының журналистері Түркістан, Алматы қаласын аралады

Қазақстан жаңалықтары
02.10.2025
17:57
Беделді британ басылымдарының журналистері Түркістан, Алматы қаласын аралады

Өткен жылы Ұлыбританиялық туристер легі  2023 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артты, деп хабарлайды Travelpress.kz. 


Елдегі орналастыру орындарынa 25 мыңнан астам британдық саяхатшы тоқтаған. 2023 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,6 есеге артқан. Беделді The Telegraph және The Times медиа құралдарымен қатар The Week, iNews, Travel Weekly және Woman & Home британдық басылымдары Қазақстанға қызығушылық білдіруде.


Британдық жетекші басылымдардың журналистері Түркістан мен Алматы облыстарына, Алматы қаласын аралады.


Олар Қазақстанның туристік әлеуетімен танысты. Алматыда делегация үшін мегаполистің көрнекті орындарына сити-тур ұйымдастырылды. Қала британдық БАҚ үшін өзінің қарқыны мен табиғаттың жақындығын үйлестірген келбетімен әсер қалдырды.


 

Алматы облысында шетелдік меймандар Шарын шатқалы мен Көлсай көлдерін аралады. Қонақтар бұл өңірдің табиғи ландшафттарының сұлулығын ерекше атап өтті.


 

Түркістанда журналистер Жібек жолының ең көне қалаларының бірі саналатын шаһардың тарихымен және бірегей сәулет ескерткіштерімен танысты. Негізгі назар өңірдің мәдени мұра нысандарына және туристік инфрақұрылымына аударылды.


 

Ақпараттық турды Kazakh Tourism, Air Astana және Түркістан облысының Туризм басқармасы ұйымдастырды. 


 

Атап өткен жөн, ұлттық әуе тасымалдаушының  Лондон–Алматы бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстері британдықтардың Қазақстанға деген қызығушылығының артуына ықпал еттті.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.