19.09.2024
21:05:51
ru
kz

Алматыда саяхатшылар үшін бірыңғай билет іске қосылды

Қазақстан жаңалықтары
28.05.2024
17:46
Алматыда саяхатшылар үшін бірыңғай билет іске қосылды
Алматыда Almaty Pass саяхатшылары үшін бірыңғай билет іске қосылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бірегей ваучер қаланың көрікті жерлерін көруде турист қаржысын 63%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді.
 
«Көктөбе» аспалы жолына, Happy Eye шолу дөңгелегі, Алматы хайуанаттар бағы, Ә.Қастеев атындағы өнер музейі, сондай-ақ қаланы Nur Bus автобуспен аралау және т.б. ең танымал орындарға бара аласыз.
 
9 990 теңгеден басталатын билетті almaty.citypass.kz сайтынан сатып алуға болады. QR коды бар ваучер алыңыз да қаланы алаңсыз шарлап, саяхаттан рахаттаныңыз!
 
QR код қызмет пакетіне байланысты нысанға бірінші келген сәттен бастап 24 немесе 72 сағат ішінде жарамды.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.