Алматы-Сураттхани бағыты бойынша чартерлік рейс іске қосылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Таиландтың туристік басқармасы мәлім етті.
Осы бағыт бойынша ұшқан алғашқы ұшақ Сураттхани халықаралық әуежайына 31 мамырда таңертең қонды. Әуе кемесін отшашумен, сондай-ақ Корольдіктің travel-индустриясының өкілдері мен ішкі нарық мәселелері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Сомради Читчонг қарсы алды. Ұшақ бортында Корольдіктің Қазақстандағы елшісі Чатчаван Сакорнсин де болды.
Scat Airlines авиакомпаниясы мамыр мен қыркүйек аралығында осы бағыт бойынша кемінде 13 рейсті орындауды жоспарлап отыр.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.