26.12.2024
15:22:25
ru
kz

90-ға жуық туристік бизнес өкіл «Сапа белгісін» иеленді

Қазақстан жаңалықтары
06.12.2024
19:47
90-ға жуық туристік бизнес өкіл «Сапа белгісін» иеленді
Қазақстанның 89 туристік бизнес өкілі «Сапа белгісін» иеленді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Kazakh Tourism жыл сайын туризм индустриясының стандарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлерге «Сапа белгісін» табыстайды. Биыл бұл марапатқа Қазақстанның 89 туристік бизнес өкілі ие болды.

2021 жылы Kazakh Tourism бастамасымен қолға алынған «Сапа белгісі» бағдарламасы қонақжайлылық мәдениетін арттыруға және елдегі туристік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Үш жыл ішінде 210-нан астам компания өз қызметінің туризм индустриясы стандарттарына сәйкестігін растады. «Сапа белгісі» екі деңгей бойынша беріледі: «Very Nice» және «Nice».
 

«Туристік қызметтердің сапасы – елдің саяхатшылар үшін тартымдылығын айқындайтын маңызды фактор. «Сапа белгісі» бағдарламасы жоғары стандарттарды сақтауға көмектеседі және компанияларды даму мен жаңашылдыққа ынталандырады. Үміткерлерді іріктеу  мемлекеттік органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінен құралған жұмыс тобыгың кешенді бағалауы арқылы жүргізеді», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Садвақасов.



Биыл өтінімдер төрт негізгі санат бойынша қабылданды: «Орналасу орындары», «Тамақтану пункттері», «Туроператорлар» және «Гидтер мен экскурсоводтарды дайындау орталықтары». «Сапа белгісімен» марапатталғандардың дені – қонақ үйлер, санаторийлер және демалыс үйлері. Өтінімдер саны бойынша астаналық туристік нысандар көшбасшы атанды. Екінші орынды Ақмола өңірінің өкілдері иеленсе, үшінші орынды Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы облысының кәсіпкерлері түйіндеді. Сонымен бірге марапатқа Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының бірнеше бизнес өкілі ие болды.
 

«Сапа белгісі» – бұл тек қызметімізді бағалау белгісі ғана емес, үлкен жауапкершілік пен сенім. Бұл бізді әрі қарай дамуға ынталандырады және туристерге ең жақсы тәжірибе ұсынуға жетелейді. Біздің компания 12 жылдан бері нарықта еңбек етеді және караванинг, MICE-туризм, экологиялық және этнотуризмді белсенді дамытамыз. Бүгінгі таңда біздің қызметтеріміз Еуропа, Азия және ТМД 13 еліндегі шетелдік туристер үшін қолжетімді. Біз тек туристік өнім жасаумен ғана шектелмей, туризмді өмір салты ретінде қалыптастыруға тырысамыз», – деп бөлісті «Itravelerkz» агенттігінің кіріс туризм бөлімі басшысы Айша Шәкенова.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.