15.10.2025
20:09:31
ru
kz

5 елдің автотуристері Қызылорда облысына келді

Қазақстан жаңалықтары
15.10.2025
13:45
5 елдің автотуристері Қызылорда облысына келді

5 елдің автотуристері Қызылорда облысымен танысты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

 


Саяхатшыларға арналған «Көлікпен Қазақстанға» жолкөрсеткіші қытай тілінде жарық көреді. Бұл туралы «Drive Forum Baikonur» халықаралық автомототуризм форумында белгілі болды. Қазіргі таңда бұл нұсқаулық ағылшын және орыс тілдерінде шетелдік туристерге қолжетімді.


 

Форум Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешені жанында өтіп, Қазақстанның, Түркияның, Әзербайжанның, Түрікменстанның, Қырғызстан мен Ресейдің автотуристерді тоғысты. Олар 3 күн ішінде өңірдің туристік маршруттарын зерделеді, табиғи және мәдени көрнекі орындарын аралады, шеберлік сабақтарына және тақырыптық кездесулерге қатысты.


 

Drive Forum Baikonur өңірлік туристік өнім мен ғарыш тақырыбына деген қызығушылықты көрсетті. Байқоңыр қаласы мен аңызға айналған кешенмен танысу – форумның басты ерекшелігі. Шетелдік меймандарға ғарыш инфрақұрылымын көруге бірегей мүмкіндік ұсынылды. Автотуристер адамзат тарихындағы алғашқы ғарышкерлік ұшырылым орындалған «Гагарин старты» алаңында, «Буран» орбиталық кемесі мен «Энергия-М» зымыран тасығышы аумағында болды.


 


Қызылордадағы Форум автотуризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды жалғастырды. Биыл осы іспетті кездесулер Бурабай мен Ұлытауда өткізіліп, оған қатысушылар туристік бағыттарды зерттеп, өңірлердің табиғи мұрасымен жете танысты.


 

Ұйымдастырушылар «Drive Forum Baikonur» форумын жыл сайынғы дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр. Келесі кездесу 2026 жылдың қыркүйегінде өтеді. Оның бағдарламасында маршруттарды кеңейту, туристер үшін арнайы ұсыныстарды ұйымдастыру қарастырылған.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.