01.07.2025
00:09:41
ru
kz

25 маусымнан бастап Air Astana Таяу Шығысқа ұшады

Қазақстан жаңалықтары
25.06.2025
09:50
25 маусымнан бастап Air Astana Таяу Шығысқа ұшады

Air Astana 25 маусымнан бастап Таяу Шығысқа ұшады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды.


 

25 маусымда келесі рейстер орындалады деп күтілуде, барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген:


 

KC205 Астана-Дубай, 11:00

KC206 Дубай-Астана, 16:40

KC653 Алматы-Доха, 11:00

KC654 Доха-Алматы,  15:05

KC897 Алматы -Дубай, 11:15

KC898 Дубай-Алматы, 16:10


 

Сондай-ақ ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесінде КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс орындалады.


 

Бұл рейстерге билеттер сатылымда.


 

Кестені әуе компанияның сайтында тексеруді сұраймыз.

Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалады.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.