24.11.2024
18:09:20
ru
kz

Дели-Алматы рейсімен ұшып келген жолаушыдан тырысқақ анықталды - Air Astana түсініктеме берді

Қазақстан жаңалықтары
05.04.2024
21:00
Дели-Алматы рейсімен ұшып келген жолаушыдан тырысқақ анықталды - Air Astana түсініктеме берді
2024 жылғы 4 сәуірдегі «Дели-Алматы» бағыты бойынша КС 908 рейсінің экипажы рәсімге сәйкес әрекет етті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бортсеріктер Медлинкпен байланысып, ауру жолаушыға тиісті дәрі-дәрмек берді. Ұшақ ең алыс 65-ші тұраққа қойылды. Бортта дезинфекция жүргізіліп, әуе кемесі бір тәуліктен кейін кешкі рейсті орындауға қойылды.
 
Дәрігерлер мен санитарлық-карантиндік пункттің қызметкерлері науқас жолаушыны, жақын байланыста болған жолаушыларды және 8 экипаж мүшесін ауруханаға жеткізді.

Бұл әрекеттер санитарлық-карантиндік пункт алгоритмі бойынша қабылданды.
 
Бұған дейін Дели-Алматы бағыты бойынша ұшып келген Air Astana рейсінің бортында санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру барысында тырысқақ белгісі бар жолаушы анықталған болатын.

Осыған қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жауап берген еді.

«5 сәуірде Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana рейсінің бортында санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру барысында іш өту, айқын әлсіздік, ауыздың құрғауы сынды шағымдары бар жолаушы анықталды. Қырғыз Республикасының азаматы Делиден Қырғызстанға Алматы қаласы арқылы бармақ болған. Санитарлық-карантиндік бақылау мамандары жұқпалы ауруға күдікті әйелді медициналық тексеруді жедел ұйымдастырып, талдау нәтижелерін алғаннан кейін «тырысқақ» диагнозы қойылды», – деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.