22.10.2024
14:32:48
ru
kz

Ыстамбұлда Қазақстанның туристік бағыттарын ілгерілетуге арналған форум өтеді

Іс-шаралар туралы құлақтандырулар
16.10.2024
17:40
Ыстамбұлда Қазақстанның туристік бағыттарын ілгерілетуге арналған форум өтеді
2024 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркияның туристік агенттіктер қауымдастығының (TÜRSAB) қолдауымен Қазақстанның туристік бағыттарын ілгерілету бойынша Форум жоспарланып отыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Аталған іс-шараға Түркияның 36 өңірінен кемінде 80 ірі туроператоры қатысады деп күтілуде. Осыған байланысты, Бас консулдық туроператорларға В2В сессиясына тегін қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Қатысу үшін алдын ала amina.berdibekova@gmail.com имейлы арқылы тіркелу қажет. 

Өтетін орны: Мармара залы, Lütfi Kırdar Uluslararası Kongre ve Sergi Sarayı, Ыстамбұл қ., Түркия.

Өтетін күні: 22.10.2024 (сейсенбі)

Уақыты: 10:30-14:00

Анықтама: TÜRSAB немесе Түркияның туристік агенттіктер қауымдастығы, 1972 жылы құрылған туркомпаниялардың мүдделерін білдіретін, қызметтерін реттейтін және тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын ұйым. Ұйым лицензиялаумен, қызмет көрсету стандарттарын көтерумен және туризмді ілгерілетумен, соның ішінде халықаралық көрмелерге қатысумен айналысады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.