2023 жылы елімізге 9,2 млн шетелдік азамат келді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе көп (4,7 млн адам), деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ -ның баспасөз қызметі мәлім етті.
Сонымен қатар ел ішінде 9,6 миллионнан астам отандық азамат саяхат жасады. Бұл көрсеткіш 1 млн адамға көбейген. Орналастыру орындары 229 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті, бұл – 2022 жылғы көрсеткіштен 1,3 есе көп (182,9 млрд теңге).
Туризм саласынан бюджетке түсетін салық түсімдері 450 млрд теңгені құрады, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 64 млрд теңгеге көп. Туризм саласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2023 жылы 787 млрд теңгені құрады, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53%-ға (513 млрд теңге.) артық.
Мемлекеттік қолдау шаралары табысты жалғасуда. Мақұлданған өтінімдер көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 8 есе ұлғайып, жалпы сомасы 800 млн теңгеден асты. Бұл жобаларға инвестициялалардың жалпы көлемі 5 млрд теңгеден асты (санаторийлер, балалар лагерлері, қонақ үйлер, жол бойындағы сервис объектілерінің демалыс аймақтарын құруды қамтиды).
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.