Travel Bloggers Exchange шарасы ТМД елдері арасында алғаш рет елімізде өтеді

Іс-шаралар
08.10.2024
17:40
Travel Bloggers Exchange шарасы ТМД елдері арасында алғаш рет елімізде өтеді
2024 жылғы 10 қазанда сағат 11:00-де Park Dedeman Almaty қонақ үйінде Алматы қаласында 2026 жылы әлемдегі ең ауқымды конференциялардың бірі Travel Bloggers Exchange (TBEX) өткізуге арналған баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырушыларға TBEX өткізуге алаңды ұсыну бойынша өтінім жолдап, іріктеу нәтижесінде ұйымдастырушылар Қазақстанды таңдады. 

TBEX-2026 әлемнің түкпір-түкпірінен келетін белгілі тревел-сарапшылар мен журналистерді, блогер-саяхатшыларды Қазақстанда біріктіреді. Маңызды іс-шара елдің туристік әлеуетін және бірегей ұсыныстарды халықаралық туристік қауымдастыққа паш етуге мүмкіндік береді. 

Баспасөз конференциясы барысында TBEX бас директоры, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және Алматы қаласы туризм бюросының өкілдері алдағы конференцияға дайындық, оның өңір үшін маңыздылығы және туристік нарыққа ашатын мүмкіндіктері туралы баяндайды. 

Айта кету керек, TBEX — туризм саласындағы кәсіби мамандар, тревел- блогерлер мен журналистер, контент жасаушылар үшін әлемдегі ең ірі конференциялардың бірі. TBEX 2009 жылы құрылып, бірден әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың тәжірибе алмасатын, туристік нарықтың жаңа тенденциялары мен стратегиялары талқылайтын жетекші іс-шараға айналды. Бұған дейін конференция Еуропада, Солтүстік Америкада және Азия-Тынық мұхиты аймағында өткізілген. 

Өтетін күні мен уақыты: 2024 жылғы 10 қазан, сағат 11:00

Өтетін орны: Алматы қ., «Park Dedeman Almaty» қонақ үйі, «Атакент» конференц-залы (Тимирязев көшесі, 67/а)
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.