ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмед Шахинмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар туризм және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Соңғы айларда Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық басылымдарда кеңінен талқылануда, travelpress.kz ҚР Туризм және СМТ индустриясы комитетінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды. Әлемдік жетекші ақпарат көздері елдің мәдениеті мен табиғи мұрасына қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтуде.