12.03.2025
16:25:33
ru
kz

27 мамырынан бастап Шымкенттен Мюнхенге ұшуға болады

Қазақстан жаңалықтары
07.03.2025
12:38
27 мамырынан бастап Шымкенттен Мюнхенге ұшуға болады
Отындық әуе компания биылғы мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігнің баспасөз қызметі мәлім етті. 

ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. 

Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.